10
ноябрь
2025
Жылы сөздермен бөлісейік: «Жақсы сөз – жан азығы» акциясы.
2025 жылғы 10 қарашада мектебімізде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығы аясында «Жақсы сөз – жан азығы» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шараны әлеуметтік педагог пен мектеп парламентінің мүшелері бірлесіп өткізді. Акцияның мақсаты – мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік пен сыйластық қасиеттерін дамыту.
Шара барысында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, жақсы сөздер жазылған стикерлерді арнайы тақтаға жапсырды. Акцияға белсенді қатысқан оқушылар өз достарына қолдау көрсетіп, қуаныш сыйлады.