«Тарихты сөйлеткен ғалым»: мектебімізде ғалым Мұхтарбек Кәрімовпен кездесу кеші өтті. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » «Тарихты сөйлеткен ғалым»: мектебімізде ғалым Мұхтарбек Кәрімовпен кездесу кеші өтті.
09
декабрь
2025

«Тарихты сөйлеткен ғалым»: мектебімізде ғалым Мұхтарбек Кәрімовпен кездесу кеші өтті.

09 желтоқсанда 2025 жылы №35 мектепте "Ғасырлар ізімен тарих пен география" он күндігі аясында пәндік сыныптан тыс-іс шара "Тарихты сөйлеткен ғалым " атты тағылымы мол тұлғамен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараны мектебіміздің директоры Махамбетова Гульнара Муратовнаның қолдауымен тарих мұғалімі Толеуконырова Жазира Жумашовна және тарих-география пәні мұғалімі Сыдыкова Сауле Акажановна ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, тарихи деректерді зерттеудің маңызын түсіндіру және жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу.Кездесуге жергілікті өлкетанушы, тарих ғылымына елеулі үлес қосқан – ғалым Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы шақырылды. Шара барысында Мұхтарбек Қарпықұлы өзінің ғылыми ізденіс жолы, тарихи құжаттармен жұмыс істеудегі ерекшеліктер, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды кезеңдері жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.
Оқушылар ғалымға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды мәліметтер мен кеңестер алды. Әсіресе, жас ұрпаққа арналған “тарихты оқу – болашағыңды тану” деген тұшымды ойлары қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. “Тарихты сөйлеткен ғалым” кеші онкүндіктің маңызын айшықтап, білім алушыларға рухани серпіліс сыйлаған игі басқосудың бірі болды.