12
ноябрь
2025
Мектеп Парламенті мүшелері бастамасымен «Choco Day» (Шоколад күні) мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Choco Day» – Шоколад күні мектебімізде
2025 жылдың 12 қарашасында мектеп Парламенті мүшелері бастамасымен «Choco Day» (Шоколад күні) мерекелік іс-шарасы ұйымдастырды.
Мақсаты:
– Оқушылар арасында достықты, мейірімділік пен сыйластықты дамыту
– Өзара қолдау көрсету мен жағымды көңіл-күй қалыптастыру
– Оқушылардың бір-біріне деген ықыласын арттыру
Іс-шара барысында оқушылар өздері қалаған сыныптасының немесе мектептегі оқушының есімін жазып, арнайы шоколадпен бірге жәшікке салды. Кейіннен сол тәттілер мен жылы тілектерді мектеп Парламентінің мүшелері иелеріне таратты.
Бұл шара оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, мейірімділік пен қуаныш сыйлады. Шоколад күні барлық оқушының көңілінен шығып, мектеп өміріне жағымды әсер етті.