«Жақсылық жаса!» атты ізгілікке бағытталған акция өтті. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » «Жақсылық жаса!» атты ізгілікке бағытталған акция өтті.
20
ноябрь
2025

«Жақсылық жаса!» атты ізгілікке бағытталған акция өтті.

«Жақсылық жаса!» акциясы
2025 жылдың күні №35 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік педагог пен мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса!» атты ізгілікке бағытталған акция өтті.
Акцияның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, өзара қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, мектеп ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Іс-шара барысында Парламент мүшелері тәттілерге жапсырылған шағын тапсырмалар дайындады. Әр оқушы тәтті таңдай отырып, ондағы жазылған жақсылық жасауға бағытталған тапсырманы орындады. 
Акция оқушылардың көңіл күйін көтеріп, мектеп қауымдастығына жағымды эмоциялар сыйлады. Балалар бір-біріне қолдау көрсетудің, кішкентай болса да игі іс жасаудың маңызын түсінді.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, мейірімділік пен жақсы көңіл-күй атмосферасын қалыптастырды.