27
ноябрь
2025
Астана қаласында өткен халықаралық конференциядағы спикерлердің жетістігі
Астана қаласында өткен “Білім берудегі серпіліс: цифрлық технологиялар, құндылықтар және зерттеу тәжірибелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Жылқыбаева Жаннұр Мәдиқызы мен Риза Құралай Еділқызы спикер ретінде қатысып, “Құзыреттіліктерді қалыптастыруда цифрлық технология мен жасанды интеллекттің рөлі” бағыты бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға белсенді қатысқаны үшін педагогтерге арнайы сертификаттар табысталды.

