Жылы сөздермен бөлісейік: «Жақсы сөз – жан азығы» акциясы.
2025 жылғы 10 қарашада мектебімізде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығы аясында «Жақсы сөз – жан азығы» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараны әлеуметтік педагог пен мектеп парламентінің мүшелері бірлесіп өткізді. Акцияның мақсаты – мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік пен сыйластық қасиеттерін дамыту. Шара барысында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, жақсы сөздер жазылған