2025 жылдың 18-сәуірінде Семей қаласының № 35 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық және практикалық мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
2025 жылдың 18-сәуірінде Семей қаласының № 35 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда педагогтердің құзыреттілігін арттыру мақсатында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық және практикалық мәселелері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға 60-қа жуық педагог қатысты. Семинардың теориялық бөлімінде мектеп директоры Г.М.Махамбетова «Табысты мектеп – жарқын болашағымыздың кепілі» тақырыбында баяндамасымен бөлісті.
Практикалық бөлімде білім алушылардың бойында білімге құштарлық, тек оқулықтағы біліммен шектелмей, алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білу, ақпаратты талдай алу, мәселелерді шешу қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын арттыра түсу үшін ұлттық құндылықтармен ұштасқан ұтымды сабақтар көрсетілді.
Сонымен қатар, семинар аясында ұйымдастырылған шебер сынып сабақтары педагогтердің тәжірибе алмасуына, инновациялық әдіс-тәсілдермен танысуына, кәсіби қолдау көрсетуге бағытталған тәжірибелік сабақтар болды. Шебер сыныптарда мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдерді, АКТ құралдарын, ұлттық құндылықтарды, оқытудың белсенді формаларын тиімді қолдана отырып, нақты тәжірибелермен бөлісті. Көрсетілген шебер сыныптар, әріптестер арасында шығармашылық ізденісті арттырып, кәсіби дамуға жаңа серпін бере түсті.
Практикалық бөлімнің соңында оқушылардың өмірмен байланысты жағдаяттарда алған білімін қолдану қабілетін қалыптастыру, ойлау, талдау, қолдану, салыстыру, шешім қабылдау сияқты дағдыларды дамыту үшін тәжірибе-ойын алаңы көрсетілді. Оқу үдерісіне креативтілік пен заманауи көзқарас енгізу – бұл алаңның басты мақсаты болды.
Семинардың соңында «Бастауыш» сөзімен байланысқан рефлексия арқылы қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру болмақ.
18 апреля 2025 года в целях повышения компетентности педагогов в формировании функциональной грамотности учащихся общеобразовательной школы №35 г. Семей проведен областной семинар-практикум для учителей начальных классов и воспитателей дошкольных учреждений и воспитателей предшкольных классов на тему: «Теоретические и практические вопросы развития функциональной грамотности обучающихся в начальной школе». В семинаре приняли участие около 60 педагогов. В теоретическом отделе семинара директор школы Махамбетова Гульнара Муратовна поделилась своим докладом на тему: «Успешная школа – гарант нашего светлого будущего».
В практической части семинара учащиеся продемонстрировали желание усваивать не только знания из учебника, но и рациональные уроки, которые сочетаются с национальными ценностями, чтобы иметь возможность эффективно использовать полученные знания в жизни, анализировать информацию, совершенствовать свои умения решать проблемы, повышать функциональную грамотность.
Кроме того, в рамках семинара были организованы мастер-классы, направленные на обмен опытом педагогов, ознакомление с инновационными методиками, профессиональную поддержку. На мастер-классах педагоги поделились конкретным опытом с эффективным применением современных подходов к развитию функциональной грамотности детей младшего школьного возраста, средств информационно-коммуникативных технологий, национальных ценностей, активных форм обучения. Эти мастер-классы дают новый импульс для профессионального развития и повышают творческий поиск среди коллег.
В конце практического раздела была показана площадка игр и опытов для развития навыков, таких как умение учащихся применять свои знания в жизненных ситуациях, мышление, анализ, применение, сравнение, принятие решений. Основной целью данной платформы было приобщение к творчеству и современному подходу к образовательному процессу.
В конце семинара была проведена обратная связь с участниками через рефлексию.
На сегодняшний день основной задачей системы образования остается формирование функционально грамотных личностей.









