11
декабрь
2025
«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты патриоттық кездесу өтті.
2025 жылғы 11 желтоқсанда мектебімізді акт залында «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында патриоттық-идеологиялық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен әскери қызметтің ерекшеліктерін насихаттау, жас ұрпаққа Отан қорғаудың маңызын түсіндіру.
Кездесуге мектеп оқушылары қатысып, еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуы, әскери қызметтің құрылымы және жас сарбаздардың міндеттері туралы мағлұмат алды. Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, ел қауіпсіздігі жолындағы борыш туралы түсініктерін кеңейтті.