Оқушылар цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж жасады.
📢 Зорлық-зомбылықсыз 16 күн халықаралық акциясы аясында мектебімізде ерекше іс-шара өтті. Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен оқушылар "Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын!" деген ұранмен челлендж жасап, өз көзқарастарын бейнеролик арқылы білдірді. 🎥 Бұл бейнеролик – жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздік туралы хабардар екенін, онлайн мәдениеттің маңызды екенін көрсетті. 📌 Мақсат – оқушыларды интернеттегі әдептілікке, бірін-бірі сыйлауға, және зорлық-зомбылыққа төзбеуге тәрбиелеу. ✋