09
Желтоқсан
2025
9-сыныптарда «Отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасы» тақырыбында тренинг өтті.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"халықаралық акция жоспарына сәйкес 9-шы сыныптар арасында "Отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасы және келіспеушілікті шешу жолдары" тақырыбында тренинг өтті. Бұл тренинг жасөспірімдердің қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, буллинг, хейт және эмоционалдық зорлықтың түрлерін түсінуге бағытталды. Оқушылар модельдік жағдайлар арқылы қиын коммуникативтік сәттерді талдап, өз сезімдерін дұрыс жеткізу, конфликтіден шығу және бір-біріне қолдау көрсету жолдарын меңгерді.
«Түрлі-түсті көңіл-күй» жаттығуы қатысушыларға өз эмоционалдық жағдайын анықтап, ашық бөлісуге мүмкіндік берді. «Жасыл шыршадағы арман» тапсырмасы оқушылардың болашаққа деген үмітін, мақсаттары мен армандарын визуализациялауға көмектесті. Ал «Достық шамы» жаттығуы жылы сөз айту, эмпатия таныту және достықтың құндылығын сезіну арқылы топ ішіндегі сенімділікті арттырды.
Жалпы, тренинг оқушылардың өзара сыйластыққа, жауапкершілікке және қауіпсіз онлайн және офлайн қарым-қатынас қалыптастыруына оң ықпал етті.
Іс-шараға қатысқан: 9 «А» сынып жетекшісі – Төлеутаев Е.А.
Педагог-психолог – Абишева М.К.
Кәсіптік бағдар беруші – Жаңылша Г.А.
Олардың бірлесе жүргізген жұмысы тренингтің тиімді өтуіне және оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасады.