Зорлық-зомбылыққа қарсы Orange Day күні өткізілді.
Мектебімізде Orange Day күні өткізілді. Іс-шараны әлеуметтік педагог пен Мектеп Парламентінің мүшелері бірлесіп ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы тұру, оның алдын алу және оқушыларға бейбіт өмір мен қауіпсіз орта құндылықтарын түсіндіру болды. Қатысушылар белсенділік танытып, «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» деген ортақ ұстанымды қолдады.