05
Желтоқсан
2025
«Бір ел – бір кітап» республикалық мәдени акциясы өтті
Мектебімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық мәдени-ағартушылық акциясы өтті. Аталған акцияның мақсаты – оқушыларға бір автордың шығармасын бірлесе оқыту арқылы ұлттық әдебиетті насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында оқушылар шығармалармен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, әдеби талдау жасады. Акция оқушылардың рухани дамуына және мәдени құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.


